ХАБАРЛАНДЫРУ!
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!17-19 сәуір күндері Рысқұлов пен Желтоқсан көшесі аралығында бір бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Осы аралықта қиыршық-тасты мастикалық асфальт қабатын салу жоспарланып отыр.
Көлік кептелісін болдырмау мақсатында қала тұрғындарына бағытын алдын-ала жоспарлап, Дулати және Қазыбек би көшелері секілді балама жолмен жүруді сұранамыз.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қонаев даңғылының Жандосов көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығы жөндеуден өтіп жатыр. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу барысында ірі түйіршікті асфальттан кейін беткі қабатқа қиыршық тасты-мастикалық асфальт салу қарастырылған.
Келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПРАЗДНИЧНЫЙ КОНЦЕРТ ЗАВЕРШИЛСЯ САЛЮТОМ
26 Қазан 2026, Дүйсенбі
МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ОТШАШУМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
26 Қазан 2026, Дүйсенбі
Шымкент жаһандық инвестициялық картада: халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңі
26 Қазан 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






