Байланысқа арналған телефондар:
» » 3) ТҮРКІСТАН: Колледждерге 15 мыңнан астам грант бөлініп, студенттердің шәкіртақысы көбейді

3) ТҮРКІСТАН: Колледждерге 15 мыңнан астам грант бөлініп, студенттердің шәкіртақысы көбейді

15 Қантар 2025, Сәрсенбі
1
0
ТҮРКІСТАН: Колледждерге 15 мыңнан астам грант бөлініп, студенттердің шәкіртақысы көбейді

  Түркістан облысында білім беру саласында жастарға қолдау көрсету мақсатында көптеген жаңалықтар енгізілуде. 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта Түркістан облысында студенттерге әлеуметтік қолдау шаралары ұлғайды. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға көбейіп, орта есеппен 43 575 теңге болды. Үздік студенттер үшін бұл сомма 50 110 теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін шәкіртақы 56 646 теңге көлемінде қарастырылған.
  Техникалық мамандықтарға гранттар саны да артып, 2023-2024 оқу жылында 15 350 мемлекеттік тапсырыспен орын бөлінсе, биыл 15 525 грант қарастырылды. Облыста 43 колледж бар, оның ішінде 5 701 студент тегін жатақханамен қамтамасыз етілген. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына бір реттік ыстық тамақпен қамтылуы үшін 734 теңге беріледі. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін психологиялық көмек те ұйымдастырылған.
  Бұл шаралар облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін нығайтып, сапалы кадрлар даярлауды мақсат етеді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать