ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАЛЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жас экологтар тал екті. Акцияның “Жасыл аймақ” акциясы барысында барлық қала тұрғындары ағаш көшеттерін отырғызу және ақтау жұмыстарын жүргізді. Іс шараға мектеп оқушылары да атсалысты. Белсенділер мектеп аулаларын абаттандырып, гүлдер отырғызды. Жалпы саны 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызылды.
Ал спортшылар Әл-Фараби көшесіне 100 түп көшет ағашын екті. Саябақтарды көгалдандырып, тазалық шараларын жүргізді. Шараға елге танымал спортшылар да өз үлесін қосты.

Бұдан бөлек, мәдениет мамандары да экологиялық акция аясында қала көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Белсенділер республикалық деңгейде өтіп жатқан акцияға барлық қала тұрғындарын қатысуға шақырады. Өйткені, таза қала сіз бен бізден басталады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







