“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Шымкентте республикалық акцияның “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында тазалық шаралары жүргізілді. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы қазыналы қарттарымызбен, қала тұрғындарымен және еріктілермен бірге тұрғын үй аумағын тазалады. Акция барысында шөп орып, айналаны қоқыстан тазартты және ағаш ақтады.Сонымен қатар, экологиялық шара аясында қала жастары, мәслихат депутаттары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барып, ауласын абаттандырды. Ал, демеушілер қайырымдылық көмек көрсетті.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары С.Құранбек бастаған азаматтар 100-ге келген ҰОС ардагері Нина Мосунованың үйіне барып, ауласын тазалады. Белсенділер ағаш түбін қопсытып, қораларын сырлап берді.Бұдан бөлек, барлық басқарма мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, қала жастары мен еріктілер қарттарымыздың батасын алып, экологиялық шараға өз үлесін қосты.
Жалпы “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында қаладағы барлық көмекке мұқтаж қарттарды қамту қарастырылған. Қариялардың үйіне барып, ауласын тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






