ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ 20 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
Қаламыздың тарапынан еліміздің су басқан өңірлеріне жәрдем ету шаралары әлі де жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Іскер әйелдер қауымдасты мүшелері құны 20 миллион теңгеден асатын осынша тонна гуманитарлық көмекті Солтүстік өңіріне жөнелтті. Жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешектен бөлек күнделікті пайдалануға қажетті тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттар, төсек жабдықтары бар. Кәсіпкерлер гуманитарлық көмек ретінде өздері өндіретін тамақ өнімдері мен су тасқынымен күресте қолданылатын бұйымдарды, су сорғыларын, құрылыс тауарлары қосқан. Гуманитарлық көмекті жинастыруға 100–ге жуық ерікті жәрдемдесті. Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
*ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ*
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 30 апреля
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
24 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТЕН ЖІБЕРІЛГЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР МЕН ТЕХНИКАЛАР СУ ТАСҚЫНЫМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА
17 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ
10 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСКЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 70 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ
Комментарии (0)



