ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды.Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның сыйымдылығы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады.Шымкентте 1969 жылы салынған бір ғана стадион 18 мың адамға лайықталған. Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілкті халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмді дамытуға да ерекше серпін береді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
16 Маусым 2026, Сейсенбі
АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






