Байланысқа арналған телефондар:
» » 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысында айтарлықтай өсім байқалды, жалпы алаңы 42% ұлғайып, 978 мың шаршы метрге жетті.

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысында айтарлықтай өсім байқалды, жалпы алаңы 42% ұлғайып, 978 мың шаршы метрге жетті.

14 Желтоқсан 2024, Сенбі
38
0
   Тұрғын үй саясаты — мемлекеттің тұрғын үй нарығын реттейтін және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.
    Биыл қарашада Қазақстан Республикасы Президенті «Қазакстан Республикасының кейбір заңнамалык, актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. "Отбасы банкі" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, ол тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары бойынша Мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңгай акпараттық база болып табылады.
   Жаңа тұрғын үйлерді ипотека арқылы сатып алу үшін жеңілдікті пайыздық мөлшерлемелер мен мемлекеттік субсидиялар ұсынылады. Мысалы, «7-20-25», «Бақытты отбасы», «2-10-20» сынды бағдарламалар халықтың әртүрлі топтарына тұрғын үй алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    2024 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 42% өсіп, 978 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 55,1% артты (553,1 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 127,7% (413,1 мың шаршы метр) құрады.
    Ағымдағы жылы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 жедел саты қондырғылары ауыстырлған болатын.
   Қазіргі таңда, 12 көпқабатты тұрғын уйдің, 22 жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін қосымша 4 көпкабатты тұрғын үйге 6 жедел сатыны  ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. 
   Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданындағы Nº 128, 132, 135В, 1355, 135А тұрғын уйлердің пәтер иелері жедел саты  қондырғыларын ауыстырылуы қажет екендігі туралы өтініш білдірген болатын. Осыған орай, көпқабатты тұрғын уйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілді. 
   Айта кетейік Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жанғырту, реконструкциялау, реставрациялау, жеделсаты) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының, жартысынан астамы қатысатын жиналысқа кабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санынын кепшілігі келіскен жағдайда кабылданады.
   2-10-20 бағдарламасымен 37 пәтер
берілмек!
   Нысанның орналаскан мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық, мөлтекауданы 1 шаршы метр тұрғын уйдің құны: 221 330 теңге
   Брондау: 05.12.2024 жылғы 10:00 сағ. бастап 19.12.2024 ЖЫЛЫ 23:00 саг. дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жумыс куні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
  -І жане ІІ топтагы мугедектігі бар адамдар
  -мугедектігі бар балалары бар немесе оларды тербиелеп отырған отбасылар
  -копбалалы отбасылар
  -жетім балалар жене ата-анасының, қамқорлығынсыз қалган балалар.
  Бұл ретте мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, І және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға тұрғын үйді бөлу кезінде олардың төменгі қабаттардан алу тілектерін ескере
отырып, басқа санаттаты кезекте тұрғандар алдында басымдық белгіленеді.
  Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің, 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толык сатып алуды коспаранда) мүмкін емес.
Қорытынды:
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысында айтарлықтай өсім байқалды, жалпы алаңы 42% ұлғайып, 978 мың шаршы метрге жетті. Бұл өсімнің ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің үлесі 55,1%-ды құраса, жеке тұрғын үйлердің көлемі 127,7%-ға артты. Бұл көрсеткіштер қаланың тұрғын үй нарығының дамуын және халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін көрсетеді.
 Сонымен қатар, көпқабатты үйлердегі жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. 16 көпқабатты үйде 28 жедел саты ауыстырылды, ал 12 үйде 22 жаңа саты орнату жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
  «2-10-20» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 37 пәтер беру жоспарланып, бағдарламаның шарттары бойынша мұқтаж топтар үшін басымдықтар белгіленген. Мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға арналған баспана бөлуде ерекше көңіл бөлінуде.
  Жалпы алғанда, бұл шаралар Шымкент қаласының тұрғын үй инфрақұрылымының дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға маңызды әсер етеді. Тұрғын үй құрылысындағы өсу мен жаңғырту жұмыстарының жалғасуы қаладағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға және халықтың түрлі топтарының тұрғын үй мәселесін шешуге ықпал етеді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать