2) Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды
Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды
Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимараты салтанатты түрде ашылды. 25 қарашада өткен ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қатысты.
Ашылу барысында Бас Прокурордың орынбасары ұжымды құттықтап, жаңа ғимаратта жұмыс істейтін прокуратура қызметкерлеріне жасалған жағдайлар азаматтардың құқықтарын қорғауда жоғары деңгейде еңбек ету үшін мемлекет пен қоғамның сенімінің белгісі екенін атап өтті. Ол әрбір қызметкерге еңбек тәртібін қатаң сақтап, міндеттерін адал және мұқият орындау қажеттігін ескертті.
Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратына 5-ші ауданның құрылуына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат прокуратураның есебіне берілді. Ғимаратта 47 қызметтік бөлме, мәжіліс залы, жауап алу бөлмелері және басқа да қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, оның материалдық-техникалық жабдықтары қазіргі заманның талаптарына толық сәйкес келеді, бұл өз кезегінде халықтың қажеттіліктерін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов жаңа ғимараттың азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін барлық жағдайды қамтамасыз ететінін атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
11 Қантар 2025, Сенбі
Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін 6 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
07 Қантар 2025, Сейсенбі
Шымкентте ардагерлермен қарияларға арналған “. Шахматшылар үйі” пайдалануға берілді
Комментарии (0)



