Атырау тұрғындары Қазақстанда атом электр станциясын салу жоспарларын талқыға салды

17 шілдеде Атырау қаласында елімізде атом электр станциясын салу жоспары бойынша жария талқылау өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, энергетика саласының мамандары, экологтар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, журналистер мен блогерлер сияқты қатысушылар жиналды. Түрлі сала мамандардың қатысуы осы тақырып жайлы ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берді.


Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі


«Елімізде көптеген кәсіпорындар мен шаруашылықтары ашылып жатыр, біздің еліміз де үлкейіп жатыр, жаңадан облыстар құрылып жатыр. Осылардың бәрін ескере отырып энергия көздерін болашақта жетілдіру үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан атом электр станциясын салу туралы ұсыныс болды. Осы сұрақ халық арасында талқыланып жатыр. Ел болып, халық болып, елдің өркендеуіне байланысты жасалып жатқанын түсінуіміз керек. Қазіргі уақытта бізге энергия көздері керек, оның ішінде ең басты энергия көзі бұл атом электр станциясы. Бұған күмән жоқ» - деп өз ойын білдірді Атырау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан халық ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қосыбаев Қеңес Темірұлы.

Өткен талқылау барлық мүдделі тараптар арасында сындарлы диалог құру және еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға үлес қосуға мүмкіндік берері сөзсіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, атыраулықтардың кездесу барысында айтылған ескертулері мен ұсыныстары жобаны әрі қарай жүзеге асыру барысында қоғамның мүддесі мен қоршаған орта қауіпсіздігін сақтай отырып ескерілетін болады.

Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)