Олжас Бектенов Шымкент қаласының дамуы және президент жолдауын іске асыру шараларымен танысты
«Оңтүстік» индустриялды аймағының аумағында Үкімет басшысы сусындарға арналған алюминий қалбырлар мен қақпақтар шығаратын QazAlPack кәсіпорында болды. Үкімет басшысы сондай-ақ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытында түрлі отын түрлерін өндірудің технологиялық тізбегімен танысты.
Сапар барысында Премьер-Министр жаңа салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және жол нысандары мысалында Шымкент қаласы бас жоспарының іске асырылуымен танысты. Онда жыл соңына дейін 2,6 мың пәтерге арналған 66 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндалды.
Сондай-ақ Үкімет басшысына қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
13 Қырқүйек 2024, Жұма
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ТАМАҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫМЕН ТАНЫСТЫ
26 Маусым 2024, Сәрсенбі
СИАНЬ САПАРЫ: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Үкімет отырысында президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды
Комментарии (0)