Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту – тұрақты әрі дамушы қоғамның негізі болып табылабы.

Шымкент. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту – тұрақты әрі дамушы қоғамның негізі болып табылабы.

03 Қазан 2024, Бейсенбі
1 559
0
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту – тұрақты әрі дамушы қоғамның негізі болып табылабы.Бұл процесс түрлі мәдениеттер мен әлеуметтік топтардың және мүдделердің арасында бейбіт қарым-қатынасты, өзара түсіністікті және ынтымақтастықты қамтамасыз еттіп отырады.Қазақстанның қоғамында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау мемлекеттің стратегиялық міндеті болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, елімізде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында көптеген шаралар қабылданды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, этникалық топтардың теңдігі, айтылған мәдениеттердің байлығы және ұлттық бірліктің маңызы айқындалды. 

Сондай-ақ, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл институт елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси өмірде халықтың әртүрлі топтарының мүдделерін қорғау, ұлттық бірлікті нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізеді. Ассамблея жыл сайынғы сессияларда мемлекетіміздің дамуында маңызды рөл атқарады, халықтың ұсыныстары мен пікірлерін ескереді. Қазақстандағы әртүрлі этностар мен мәдениеттердің арасындағы диалогты қолдау арқылы, қоғамдық келісімді нығайтуға болады. Мәдени фестивальдер, байқаулар, көрмелер өткізу — халықтардың бір-бірін жақынырақ танып, түсінуіне мүмкіндік береді.
Жастар арасында келісімді нығайту үшін, мектептер мен жоғары оқу орындарында азаматтық тәрбиені дамыту, этносаралық келісім, толеранттылық және ұлттар арасындағы достықтың маңыздылығын насихаттау қажет.

Қоғамда этносаралық келісімді нығайту үшін, мемлекеттік ақпараттық саясаттың рөлі зор. Масс-медиада этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастардың оң тәжірибелері мен жетістіктері туралы ақпарат тарату, халықтың санасын жаңғыртуға септігін тигізеді.Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау, азаматтық белсенділікті арттыру үшін қоғамдық ұйымдардың қызметі маңызды. Олар қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде, халықтың қажеттіліктерін білдіруде және мемлекеттік органдармен диалог құруда маңызды рөл атқарады

Қазақстандағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту нәтижесінде, елде тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасты. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру механизмдері тиімді жұмыс істейді. Мұның нәтижесінде елімізде халықтар арасындағы достық, ынтымақтастық, өзара түсіністік артып, әлеуметтік және экономикалық дамуға негіз болады.

Елдегі барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тең дәрежеде қамтамасыз етілсе, бұл жалпыұлттық бірлікті нығайтуға да оң әсер етеді. Қазақстанның көпэтносты қоғамында барлық топтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, өзара диалог орнату — әлеуметтік келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал етеді

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту — Қазақстанның стратегиялық даму бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы шаралар мемлекетіміздің тұрақтылығын, әлеуметтік әділеттілікті, мәдени әртүрлілікті сақтау мен дамытуға бағытталған. Тек осы жолмен ғана елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік аламыз.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать