ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайысының ашылу рәсіміне қатысты. Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу жарысында 16 жасқа дейінгі кіл мықты жасөспірімдер бақ сынасуда. Әлем чемпионатына іріктеу қаламызда екінші рет өтуде. Жасөспірім ұлдар арасындағы іріктеуде Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының спортшылары ел намысын қорғайды. Турнирге Аустралия, Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Вьетнам, Өзбекстан, Иордания, Шри-ланка командалары қатысуда.Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?
01 Тамыз 2026, Сенбі
НА ШЫМКЕНТСКОМ АРБАТЕ ПРОШЛА ОЧЕРЕДНАЯ АКЦИЯ «НАРОДНЫЙ ЮРИСТ» ОРГАНИЗОВАННАЯ АППАРАТОМ АКИМА ГОРОДА ШЫМКЕНТ
01 Тамыз 2026, Сенбі
Шымкентте тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді
01 Тамыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






