Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысы. Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Түркістан облысы. Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

04 Қазан 2024, Жұма
1 540
0
  Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Кез келген уақытта , кез келген қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы  жалпы өзім  адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабылдауы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы деп түсінемін. Бұл адамның  бейтарапты саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік, жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалануды жатқызуымызға да болады. Сондықтан Қазақстанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту және тәрбие жұмыстарына үлкен мән беріледі. Әрбір жеке  тұлғаның құрылуының барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өтуіміз қажет.

  Отбасы – бұл барлық бастамалардың бастауы мен ірге тасы. Тұлға болып қалыптасуда отбасының алар орны басымдырақ болып келеді. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек деп ойлаймын . Өйткені, бұл оның сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық және оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне әсер етеді. Ол үшін азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен конструктивті өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру қажет.

  Азаматтық қоғам институттарын нығайту және дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, қоғамда өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білімді тарату, осы білімді күнделікті өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық көріністерін өзінің азаматтық құқықтарын бұзу ретінде қабылдауы және өз құқықтарын қорғауға қабілетті болуы керек. 

   Біздің мемлекеттің азаматтары осы тұжырымдаманы іске асыруға белсене қатысуы тиіс. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуына жағдай жасалмауы үшін әрбір азамат барлық шара қабылдауы керек. Әрбір ата-ананың басты міндеті  – өз балаларын жан-жақты дамытып, адал еңбектенуге адамгершілікке, қоғамға өз үлесін қосатындай етіп рухты азамат тәрбиелеу. Міне осылайша жастар толығымен жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді, бірнеше тіл білетін және сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмайды деп ойлаймын. Әрине, ар-намыс пен адалдық сияқты жоғары моральдық қасиеттерге ие адам заңды ешқашан бұзбайды және өз халқына адал қызмет етеді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать