Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Әлеуметтік тәжірбие бойынша Отбасылық және гендорлық мәселе.

Шымкент. Әлеуметтік тәжірбие бойынша Отбасылық және гендорлық мәселе.

07 Қазан 2024, Дүйсенбі
60
0
Әлеуметтік тәжірбие бойынша Отбасылық және гендорлық мәселе.Отбасылық мәселелерден аулақ болу мүмкін емес. Көптеген адамдар отбасыда пайда болған жанжалды өз бетіммен шеше аламын деп ойлайды. Бірақ оның қолданған тактикасы жұмыс істемеуі мүмкін. Сол сәтте біз жақын адамдарымыздан мен достарымыздан кеңес сұраймыз. Сондай-ақ, ұят болмасын деген ниетпен отбасылық қиындықтарды жасыруға тырысамыз.  Отбасылық дағдарысты жағдайларды жеңе отырып, оның себептерін түсіну, олардың тамырын анықтау қажет. 
 
  Отбасындағы жанжалдардың негізгі себебі – жаман әдеттер (алкоголь, нашақорлық, темекі шегу, құмар ойындар, т.б.). Статистикаға сүйенсек, маскүнемдік әрбір үшінші отбасында кездеседі. Отбасында ішімдікке құмар адам бар болса, бейбіт отбасылық өмірге қол жеткізу мүмкін емес. Мұндай ортада бәрі зардап шегеді, әсіресе балалар (ауыр психологиялық жарақат алады). Маскүнемдер өз мінез-құлқын бақыламайды, физикалық күш қолданады.  

  Нашақорлық та маскүнемдік сияқты отбасын бұзады. Мұндай жағдайда жалғыз күресу қиын. Бұл уақыт пен мықты күшті қажет етеді. Отбасы мүшелері психологтың жұмысына дайындалуы керек. Жаңа өмірге қадам баса отырып, жағдайдың маңыздылығын және шешімін тез табу керектігін түсінуі маңызды. Отбасылық және гендерлік саясаттың әлеуметтік қорғаулы, нормалдарды кіреді. Бұлар мемлекеттік қалыптастырудың негізі ретінде қызмет етеді. Бақытты болашақ үшін күресте үйде тыныш атмосфераны сақтау маңызды. Ерлі-зайыптының бірі балалардың бақыты, олардың жан тыныштығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы қажет. 

  Егер дәрменсіздік сезімі пайда болса және тәуелді адам қоршаған ортаға қауіпті болса, қажетті көмек алу үшін дереу мамандандырылған мекемелерге хабарласу керек. Отбасындағы жанжал материалдық жетіспеушіліктен басталуы мүмкін. Отбасылардың 30%-ға жуығы қаржылық қиындықтарға байланысты ажырасады. Шағын табыс отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді (балаларды тәрбиелеу, тұрмыс жағдайын жақсарту және т.б.). Материалдық кемшілік - жеке дәрменсіздік пен белгісіздіктің пайда болуына және ерлі-зайыптылардың бір-біріне ауыр сөз айтып, жанжалдасуына алып келеді.Алдағы екі жылға арналған екінші кезеңінде ерлер мен әйелдердің тең әріптестігіне негізделген отбасылық қатынастарды құру арқылы отбасы институтын нығайту, отбасы үшін қосалқы қызметтер сапасын арттыру және спектрін кеңейту; репродуктивті денсаулықты сақтау үшін жағдай жасау және күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтықты жою; отбасында балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау; гендерлік теңдік институтын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде де мемлекеттік реттеу және гендерлік әсерді бағалауды енгізу жолымен нығайту; ерлер мен әйелдердің жұмыспен тең қамтылуын және ресурстардың барлық түрлеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау; гендерлік сауаттандыруды ілгерілету және әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту сияқты алты бағыт қамтылады.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать