Байланысқа арналған телефондар:
» » 7) Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді

7) Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді

30 Қантар 2025, Бейсенбі
14
0
Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді


  Түркістан облысында картоп экспортына қатысты шектеулер енгізілген соң, облыс әкімдігі барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне бақылауды күшейту тапсырмасын берді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында өткен мәжілісте штаб міндеттерін белгіледі, ал “Қазығұрт” кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспарды таныстырды.
  Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі “Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ның тұрақтандыру қорын белсенді пайдалану үстінде. Қорда 4 309 тонна картоп өнімімен форвардық келісімшарт жасалған, оның 110 тоннасы қор қоймасында, ал қалғаны шаруа қожалықтарының қоймаларында сақталуда. Бұл қор үш айға қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті.
  Түркістан облысында биылғы жылы ерте пісетін картоптың егіс көлемі 6 844,4 гектарды құрайды, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл өнім мамыр айынан бастап аймақты ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Пәкістан Республикасынан картоп тасымалдауға 2025 жылдың ақпан айынан бастап ар айға 500 тонна (4 айға 2000 тонна) өтінім берілді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать