ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 370 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында 30 көше жарықтандырылса, биыл 370 көшеге жарық жүйелері жүргізілді. Сондай-ақ ауданда бір жылда 206 көше толығымен асфальттеліп, тұрғындар өтінішіне сәйкес 19 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 21 аулаға балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.
Ағымдағы жылы 4 елді мекенді ауыз сумен және табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілді. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 8 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар 25 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп жарықтандырылды. Нұрсәт шағынауданы мен Нұрсәт тұрғын алабында орналасқан көпқабатты үйлерге түрлі тақырыпта 13 мурал салынды.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
08 Қазан 2024, Сейсенбі
«Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айдағыәлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерітуралы»
Комментарии (0)





