Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент экономикасын дамытуға 536 млрд инвестиция тартылды

Шымкент экономикасын дамытуға 536 млрд инвестиция тартылды

07 Қантар 2025, Сейсенбі
11
0
Шымкент экономикасын дамытуға ₸536 млрд инвестиция тартылды

  Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі 5,2%-ға артты. Бұл өсу негізінен өндірістік жылыжайларда өсірілген қияр мен қызанақтың өнімділігінің жоғарылауымен байланысты. Биыл өңірде тамақ өнеркәсібін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында индустриялық кешендер ашылды, ал жалпы инвестициялық жобалар пулы 2,7 трлн теңгені құрады.
  Қалада 5 гектарлық өндірістік жылыжайда шаруалар қияр мен қызанақтың көшетін өздері шығарып, өнімділікті арттырған. Бұл жылыжайлар гидропоника әдісін пайдаланып, тамшылатып суару технологиясын қолданады. Нәтижесінде көкөніс сапасы мен өнімділігі артып, жылыжайлар 88 300 тонна өнім жинаған. Қосымша, жылыжай иелеріне 767 млн теңге субсидия бөлінді.
  Шымкент қаласының ауылшаруашылық саласындағы тиімді пайдалану мақсатында биыл 50 млн АҚШ долларына бағаланған орталық Азиядағы ең ірі жылыжайдың құрылысы басталды. Бұл жоба 650 гектар жерде көкөніс өсіруге арналған, және 5 мың адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.
 Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік Шымкент экономикасына оң әсер етіп, қаланың жалпы өңірлік өніміндегі олардың үлесі 56%-ке жетті. Қалада индустриялық аймақтар мен жаңа жобалар жүзеге асырыла бастады, оның ішінде мармелад өндіретін зауыттың ашылуы мен көкөніс өңдеу кешендерінің құрылуы жоспарланған.
 Қала экономикасы биыл 12%-ға өсті, ал 2 индустриалды аймақ іске қосылып, 536 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Жұмыс орындарының саны 32 мыңға жетіп, әлеуметтік көмек алушылардың қатары 30% төмендеген.  
 Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать