Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі.

Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі.

08 Қазан 2024, Сейсенбі
43
0
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіреді. Бұл бағдарламаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторларға байланысты туындады.

Ұлттық жобаның жалпы мақсаты – халықтың базалық қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту, көліктік байланыстылықты дамыту және халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Жобаны іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: базалық қызметтерге тең қол жеткізу және көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету.
Базалық қызметтерге тең қол жеткізу инфрақұрылымды кешенді дамыту және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуден тұрады. Инфрақұрылымды кешенді дамыту аясында 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, 1163 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу үшін бюджеттік кредиттер қарастырылған. Сапалы және жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін 103 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады, сонымен қатар азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінген 235 мың жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық жобаның екінші бағыты көліктік байланыстылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыт екі міндетті қамтиды:
  • ішкі көлік желісін дамыту;
  • аумақтардың сыртқы байланыстылығын арттыру.
Қорытындылай келе, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының шараларын қамтиды. Ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй мәселелерін шешу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей байланысты. 2025 жылға қарай жобаның нәтижелерінің бірі ретінде қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлануда. Бұл ұлттық жоба арқылы Қазақстан өңірлеріндегі айырмашылықтарды азайтып, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру, экономика мен әлеуметтік саланы дамыту көзделіп отыр.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы


Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать