Шымкент. Қоғамдық қатынастардың өзгеріп отыратын жағдайларына, ішкі саяси жағдайдың өзгеруіне жауап ретінде мемлекет тиісті құқықтық және институционалдық базаны қалыптастыруға кіріседі.
Қоғамдық қатынастардың өзгеріп отыратын жағдайларына, ішкі саяси жағдайдың өзгеруіне жауап ретінде мемлекет тиісті құқықтық және институционалдық базаны қалыптастыруға кіріседі. Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру, азаматтық сектордың орнықтылығы үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық қоғам, кез келген институт сияқты, ең алдымен оның қызметін қамтамасыз ету үшін заңнамалық реттеуді қажет етеді.
Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам саласындағы негізгі заңдары қабылданды, олар – Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Бейбіт жиналыстар туралы» Заңдары. Елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрініс тапты. Ол азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді жетілдіру, одан әрі әзірлеу және қабылдау үшін негіз болды. Жоғарыда аталған құжаттар ең жақсы тәжірибелерді жүзеге асыруға және бүгінгі күні қолдау көрсетілетін дәстүрлерді енгізуге мүмкіндік берді. Азаматтық қоғам дегеніміз, әрине, бір сәтте ғана өз-өзінен қалыптасып, дами салатын қоғам емес. Дамыған батыс елдерінің тарихына көз салсақ, азаматтық қоғам екі түрлі жолмен қалыптасқан екен: мемлекеттің қатысуымен және қатысуынсыз. Мемлекеттің қатысуымен дегеніміз – түрлі заңдар мен ережелер жарияланып, демократиялық сала біртіндеп дамиды. Ал, мемлекеттің қатысуынсыз дегеніміз – түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен БАҚ арқылы азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне белсене кіріседі.
Кемелденген азаматтық қоғамда жекелеген азаматтар үшін өзін-өзі таныту мүмкіндігі зор болып, «адам – қоғам – мемлекет» үштігінің біркелкі, жетілген түрде даму барысын жылдамдатып, бір ізге түсіреді. Мұндай бағыт сол елдің экономикалық-саяси дамуы мен халықтың әл-ауқатының, мәдениеті мен сана-сезім деңгейінің артуымен бірге орнығатын процесс. Азаматтық қоғамның дамуы азаматтардың өз өмірін, жүріс-тұрысын жеке мүдделеріне қарай бейімдеп, әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау парызын жетілдіре түседі. Азаматтық қоғамның қалыптасып, біртіндеп дамуының алғышарттарына жеке тұлғалардың меншік пісіп-жетілуі, азаматтардың тең құқықтылығының салтанат құруы, жекелеген тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі есепке алынады.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғамның дамуы — бұл демократиялық мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылатын, азаматтардың, әлеуметтік топтардың және ұйымдардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекетпен және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
Комментарии (0)