Шымкент. Азаматтық қоғам: демократия және құқықтық мемлекет негіздері
Азаматтық қоғам қазіргі таңда азаматтардың қоғамдағы рөлін атап өтсек, қоршаған ортамен және қоғаммен тығыз байланыста екенін байқаймыз. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бірдей пікір жоқ. Бірақ бұл ұғымды алғаш енгізген ғалымдар – Адам Смит, Давид Рикардо, ал оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми және саяси қайраткерлердің, ойшылдардың пікірінше, қоғам – саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің басты себебі – адамдардың ортақ мүдделер мен тілектерге ие болуы. Онсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екіге бөлінеді: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективті даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасады. Соның арқасында жеке адамның қолынан келмейтін немесе шамасы жетпейтін істерді бірге атқаруға мүмкіндік туады. Қоғамдық мүдде уақытша емес, тұрақты және объективті түрде қалыптасуы керек. Тек сонда ғана қоғамның жақсы дамып, нығаюға мүмкіндігі артады.
Қоғам – саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ еріксіз немесе озбырлықпен ұйымдастырылса, ол ұзаққа бармайды. Адам – қоғамның бірінші "клеткасы". Ал қоғам – күрделі әлеуметтік бірлік. Бұл бірліктің дұрыс дамуы үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеу және басқару қажет. Осыны қамтамасыз ету үшін қоғамның объективті даму заңдарына сүйеніп, адамдар әлеуметтік нормалар арқылы қарым-қатынасты реттеп отырады. Осыдан мемлекет пен құқық пайда болады. Маркс: «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды. Олар бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр», – деп жазған. Сол себепті азаматтық қоғамды дамытуда барынша қолдау қажет, сонда ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Қорытындылай келе, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең басты орында – азамат пен оның құқықтары мен бостандықтарының заңмен қорғалуы тұрады. Демократиялық қоғамда ең жоғары заңдық күшке ие Конституция зор маңызға ие. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы демократиялық қоғам құру мен әрбір жеке адамның құқықтарының заң жүзінде қорғалуына қажетті негізді қалады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық түрде бекітілуі, билік тармақтарының бөлінуі, заңның үстемдігі және саяси көптүрліліктің өрістеуі – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудағы негізгі қағидалар болып табылады.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
21 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам – бұл азаматтардың өзара байланысын, бірлескен әрекеттерін және мүдделерін жүзеге асыратын ерікті қоғамдық институттардың жиынтығы.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Комментарии (0)