Түркістан облысы. Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні
Түркістан қаласын біз қалай танимыз. Мысалыға ала кетін болсақ, мен өзім көне тарихи қала ретінде білем, мәдениетті өте жоғары деңгейде деп білем десем де қателеспеймін. Қаншама мұралар бар қалалардың бірі. Ендіше қаладағы соңғы жаңалықтармен бөлісе отырсақ.
Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен 373 есірткі құқықбұзушылығы анықталды.
Оның ішінде 165 қылмыс, 208 теріс қылық. Атап айтқанда, есірткі сатудың – 19, аса ірі көлемде есірткіні сақтаудың – 19, есірткі контрабандасының – 55, есірткіні жарнамалау мен насихаттаудың – 3, құрамында есірткі заты бар өсімдікті егудің 69 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы 399 келі 447 гр есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде марихуана – 53 келіден астам, героин – 4,5 грамм, гашиш – 4,5 келіден астам және синтетикалық есірткі – 415 грамнан астам. Сонымен қатар, құрамында есірткі заты бар 200 849 түп өсімдік тәркіленді. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленіп алынды.
Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық әкімдік, Жастар орталығымен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты кең көлемді іс-шара өткізді. Нәтижесінде, нашақорлықтың алдын алу тақырыбында түрлі акциялар ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары 1 айға жоспарланған акция кезінде жастарды қатыстыра отырып, спорттық марафон ұйымдастырды.
Таңертеңгілік жаттығу, велосипедшілер шеруі мен спорттық үйірме қатысушылары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің өнер көрсетуі мен флешмоб өткізілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тұрғындар арасында көпшілік баратын орындарда, саябақтар мен көшелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Керуен-сарай кешенінде профилактикалық акция өткізіліп, «Өмір қайығымен есірткісіз болашаққа» көрнекіліктерімен қайықтарға мініп, жұртшылықпен бөлісті.
30 күн бойы өткізілген іс-шара соңында, яғни 26 маусым күні Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы Амфитеатр ғимаратында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оған Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Г.Құрман, облыстық әкімдіктің ведомстволық бағынысты басқармаларының, спорт секцияларының және жастар орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында өткізілген түрлі конкурстар мен сайыстарға қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар, заманауи гаджеттер, доптар, футболкалар және бейсболкалармен марапатталды. Сондай-ақ, жасөспірімдер шығыс жекпе-жегі бойынша әдіс-тәсілдерін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді. Жиын облыстық эстрада әртістерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Іс-шараға 200-ге жуық көрермен қатысып, көптеген жағымды эмоциялар мен ерекше әсер алды. Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – нашақорлықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ жастарды есірткіні пайдаланудан сақтандырып, әрбір тұрғынға есірткі құралдарын пайдаланудың зияны туралы жеткізілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіні қолданудан бас тартуға шақырады.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов барлық қала, аудан полицейлеріне «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырды. Осы бағытта іске кіріскен жеке құрам түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алу жұмыстарын атқаруда.
Мәселен, Келес АПБ тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен сұхбаттасуды ұйымдастырып, профилактикалық іс-шара өткізді. Кезекті ер адаммен тілдесу барысында оның өзін ұстай алмай, бір жерде тұра алмағанына күмәнданып, оның жеке басын анықтады. Осылайша, тұрғынның қалтасынан құрамында есірткісі бар «Трамадол» дәрілері тәркіленді. Аталған дерек Келес АПБ-ға тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
06 Қараша 2024, Сәрсенбі
Нашақорлық — бүгінгі таңда әлем бойынша, соның ішінде Түркістан қаласында да кең таралған әлеуметтік проблема.
06 Қараша 2024, Сәрсенбі
Түркістан облысы. Түркістан облысындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары
04 Қараша 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. Ұлттық қауіпсіздік шаралары қазіргі таңда Түркістан қаласында арнайы мәжілістерде талқылануда.
19 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҚОЮ ҮШІН 200-ДЕН АСТАМ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ
Комментарии (0)