Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысы. «Қауіпсіз ел» жобасы Қазақстанда қауіпсіздікті әрі әділетті және тұрақты қоғам құруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады

Түркістан облысы. «Қауіпсіз ел» жобасы Қазақстанда қауіпсіздікті әрі әділетті және тұрақты қоғам құруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады

08 Қараша 2024, Жұма
12
0
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы — Қазақстанның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бастама. Елдің келешегі оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Қауіпсіздік – бұл жай ғана дерексіз ұғым емес, ол азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы ететін көптеген аспектілерді қамтитын күрделі ұғым. Бұл жоба 2021 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылды. Жобаның мақсаты — халықтың өмір сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін жақсарту, құқықтық тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

«Қауіпсіз ел» жобасы аясында полиция және құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту, олардың ашықтығын қамтамасыз ету және халық сенімін арттыру мақсатында реформалар жүргізілуде. Жобада заманауи технологиялар мен цифрландыру құралдарын енгізу көзделген. Жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін кешенді шаралар қабылданып, жол қозғалысын бақылау мен реттеу жүйелері жетілдірілуде. Бұл бағыт жол апаттарын азайтуға және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Төтенше жағдайлар жүйесін нығайту және оларға қарсы әрекет етуді жақсарту мақсатында арнайы құрылымдарды дамытуға да көңіл бөледі. Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жаңа технологиялар енгізілуде.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-жобада бейнебақылау, қоғамдық қауіпсіздік орталықтарын құру сияқты шаралар арқылы халықтың қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Бұл шаралар қылмыстың алдын алуға және оның деңгейін төмендетуге ықпал етеді. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жалпыұлттық басымдықтарға және мемлекетті алға жылжыту мақсатында құрылған стратегиялық көрсеткіштерге негізделген.

Қазақстанның «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын құруына бірнеше факторлар түрткі болды. 2000-жылдардан бері Қазақстанда қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп келеді. Құқық қорғау жүйесін жаңғырту, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары «Қауіпсіз ел» жобасының негізі болды.

Ойымды қорытындылайтын болсам, жалпы «Қауіпсіз ел» жобасы Қазақстанда қауіпсіздікті әрі әділетті және тұрақты қоғам құруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Бұл жоба халықтың өмір сапасын жақсартып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать