ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері республика аумағындағы жылу электр өндіретін алғашқы ірі нысан біздің аймақта салынуда. Бұл Сыр елінің инфрақұрылымдық дамуына жасалған айрықша мүмкіндік. Жаңа жылу электр станциясы тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба. Жобаның іске асуына «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» түрік компаниясы тарапынан105 млрд теңгеден аса инвестиция салынуда. Жалпы жоба құны 215 млрд теңгені құрайды. Құрылыс аяқталып, нысан іске қосылған сәтте оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында 240 МВт құрайтын электр қуатын тарату мүмкіндігі болады.
Оның ішінде:
- қуаты 185 МВт – 3 газ турбинасын салу;
- қуаты 55 МВт – 1 бу турбинасын салу.
277 Гкал/сағ. құрайтын жылу қуаты. Оның ішінде:
- қуаты 127 Гкал/ сағ. – 3 бу қазандығын салу;
- қуаты 150 Гкал/сағ. – 2 су жылыту қазандығы салынады.
Аумағы 24,5 гектар жерді құрайтын «ЖылуЭлектрОрталығы» құрылысы 2025 жылы тамыз айында аяқталады (құрылыс мерзімі – 36 ай).
Осы жерде айта кетейік, Қызылорда қаласы республика бойынша ыстық сумен қамтылмаған бірден бір облыс орталығы болып табылады.
Мемлекет басшысының қолдауымен Қызылорда қаласының тұрғын үйлерін ыстық сумен қамтуға биыл Үкімет резервінен 11 млрдтеңге бөлініп, қаладағы 187 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамтылады.
Ақпарат көзі : Қызылорда облысының баспасөз хабарламасы
Тілші : Алимбетов Азамат