Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі
Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, олардың антибиотиктерге сезімталдығы белгіленеді. Жоғары сапалы және жылдам қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүзеге асырылуда. Зертхана соңғы үлгідегі «Vitek 2 Compact» және «BACT/ALERT®3D» автоматтандырылған анализаторларымен жабдықталған.

Бактериологиялық зертхана зерттеулерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізуге және зерттеу сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтардың бірегей жиынтығымен жабдықталған. Бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қолжетімді және әрбір пациентке жылдам әрі дәл нәтижелерді алу мүмкіндігін береді,-дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бактериологиялық зертханасының бас маманы Бота Карабасова.

Жоғары сапалы технологиялар дәрігерлерге инфекциялық ауруларды ерте анықтап, емдеуді дер кезінде бастауға және дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді. Орталықтың бактериологиялық зертханасы бүгінгі таңда қаладағы 32 медициналық ұйымға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сыртқы сапа бақылауынан 100% сәйкестікпен өткен.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент#зертхана

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат

Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2023, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: ДЕРБЕС САРАПШЫЛАР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮШ ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
08 Желтоқсан 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ АВТОМАТТЫ АНАЛИЗАТОР ОРНАТЫЛДЫ
13 Қараша 2023, Дүйсенбі
«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 5000-нан астам сәби дүниеге келді
Комментарии (0)