Байланысқа арналған телефондар:
» » Азаматтық дамулардың қоғамға тигізетін ықпалы

Азаматтық дамулардың қоғамға тигізетін ықпалы

29 Қараша 2024, Жұма
8
0
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдармен салыстырғанда қазіргі азаматтық қоғамның белсенділігі жоғары. Әсіресе мұндай белсенділікті құзырлы орындарға басшылар тағайындалған кезде, жаңа заңнамалар қабыланған тұста анық аңғаруға болады. Мұндай ахуалдың қалыптасуына әлеуметтік желілердің ықпалы аз емес. Әлеуметтік желілер бұл күнде азаматтардың өз жаңалығымен бөлісетін, өз пікірін ортаға тастайтын мінбер мәртебесінен әлдеқайда биіктеген. Олар қазір кез келген тақырыпты тұздық ете отырып халықты жинайтын, талас тудыратын ашық диалог алаңына айналып үлгерді. 

Азаматтық қоғаммен қазір барлығы санасады. Өйткені қоғам бұрынғы марғау, немқұрайды көзқарастан арылып келеді. Жетпіс жыл кеңестер одағының құрамында болған елде масылдық, құлдық психологияның сіңісті болғанын мойындауымыз керек. Жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу, партияға кіру сияқты өмірлік маңызды дүниелерді тек мемлекеттің шешіп беруіне үйренген халықта тәуелсіздіктің алғашқы кезінде ешқандай қозғалыс, пікір айтуға ынта болмағаны түсінікті. Азат ел, нарықтық қоғамның арқасында ғана азаматтарда бірте-бірте сенімділік артып, бастамаларға пікір білдіру мәдениеті орнықты. Қазақстанды мекен еткен кез келген адам белгілі бір құрылымдармен, бірлестіктерге бірігіп, қоғамның дамуына атсалысса, сол арқылы өзінің, отбасының игілігіне қызмет еткен, көмектескен болып саналады. Сонымен бірге, мемлекеттің дамуына қолғабыс етіп, үлес қосқанына ақы сұрамау да – азаматтық қоғамның дамығанының басты белгісі. Өйткені, отанға деген, елді дамытуға деген ынта ақшамен өлшенбеуі керек қой.
    Азаматтық дамулардың қоғамға тигізетін ықпалы
1.    Қоғамның демократиялық дамуы: Азаматтық қоғамның дамуы демократиялық процестердің күшеюіне, саяси еркіндік пен құқықтық теңдіктің артуына әкеледі. Бұл азаматтардың билік органдарын бақылауға және оларды әділ жұмыс істеуге ынталандырады.
2.    Әлеуметтік тұрақтылық: Әлеуметтік әділеттілік пен теңдік қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қолдау жүйелері мен мүмкіндіктердің теңдігі халықтың қанағаттанушылығын арттырады.
3.    Құқықтық және саяси мәдениеттің өсуі: Құқықтар мен бостандықтар туралы білімнің артуы азаматтардың заңды талаптары мен құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
4.    Қоғамдық бақылау және мемлекеттік қызметтің сапасы: Азаматтық қоғамның дамуы мемлекеттік органдардың жұмысын бақылап, оларды ашық және есепті етуге ықпал етеді. Бұл мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттырып, жемқорлықты азайтады.
Осылайша, билік пен қарапайым халық арасында алтын көпірдің міндетін атқарған азаматтық қоғамның жақсы болуы сіз бен бізге байланысты.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать