10) Неге бір ауылдың халқы екі түрлі экологиялық аймақта тұрады
Неге бір ауылдың халқы екі түрлі экологиялық аймақта тұрады
Түркістан облысындағы кейбір ауылдардың екі ауданға қарайтын ерекшелігі бар, бірақ бұл жағдай жергілікті тұрғындар үшін теңсіздік тудырады. Мысалы, Құсшы ата ауылында жолдың бір жағында Кентау қаласы, ал екінші жағында Сауран ауданы орналасқан. Бұл ауылдың тұрғындары экологиялық жағдай мен әлеуметтік теңсіздікті сезінеді. Сауран ауданы экологиялық аймаққа жататындықтан, мұндағы халыққа жалақысына 20 пайыздық үстемеақы қосылады. Ал, Кентау қаласы аумағында тұратын Құсшы ата тұрғындары осы артықшылықты ала алмай отыр. Тұрғындардың бірі, Сейдулла Ахметов, бұл жағдайды мемлекеттік деңгейде шешуді талап етіп, бір аумақта тұрып, бірдей ауа жұтып отырған ауылдастарына тең мүмкіндіктер беру қажеттігін айтты.
Дәл осы жағдай Бәйдібек ауданында да кездеседі. Қызыл көпір немесе Екпінді ауылының бір бөлігі экологиялық аймаққа енсе де, Бәйдібек ауданындағы ауыл тұрғындары бұл артықшылықтан тыс қалған. Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласының экологиялық апат аймағы деп танылғанын және тұрғындарға жалақысына 20% үстемеақы қосылатынын жариялады. Бұл жаңалықты естіген кентаулықтар қуанып, әсіресе Құсшы ата ауылындағы тұрғындар қуаныштарын білдірді. Алайда, Бәйдібек ауданының тұрғындары үшін бұл мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
24 Қырқүйек 2024, Сейсенбі
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЗАҢСЫЗ САТЫЛҒАН АУМАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Комментарии (0)