Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков былтырдан қалған безендіру заттарына қосымша әр ауданға қала бюджетінен 16 млн теңге бөлінетінін айтты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков былтырдан қалған безендіру заттарына қосымша әр ауданға қала бюджетінен 16 млн теңге бөлінетінін айтты

11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
43
0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков былтырдан қалған безендіру заттарына қосымша әр ауданға қала бюджетінен 16 млн теңге бөлінетінін айтты. Жаңа жылдық безендіруге қала бойынша 80 млн теңге жұмсалмақ. 5 ауданның әрқайсысына 16 млн теңгеден түседі. Былтыр қолданған жасанды шыршалар бар, басқа да қойылатын заттардың бәрін қолданамыз. Екіншіден, қосымша іс-шара өткізетін болсақ, оны міндетті түрде демеушілер көмегімен жүзеге асырамыз, - деп жауап берді. Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді. Алайда, жалақыны арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр. «Біз төмен жалақы алатын 15 мыңға жуық азаматтық қызметкердің жалақысын 50 мың теңгеге арттырдық. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерде ең төменгі жалақы 140 мың теңгеден асты. 

Биылғы жылдың көктемінде Шымкент қаласы әкімдігі мен түрік «Aksa Energy» компаниясының өкілдері арасында маңызды меморандумға қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, қалада қуаттылығы 500 МВт болатын заманауи бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жоспарлануда. Жобаны сәтті жүзеге асыруға қажетті жұмыстар жүйелі түрде басталып кетті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы жобаның акционері, «Aksa Energy» компаниясының өкілі Джемиль Казанджимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әкімнің айтуынша, жобаны іске асыру қаланы дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр, және қала әкімдігі тарапынан жобаға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Жалпы құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл ауқымды инвестициялық жоба Шымкент тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, бу-газ қондырғысы іске қосылғаннан кейін қаланың экологиялық жағдайына оң әсер етіп, жергілікті бюджетке тұрақты табыс түсіреді деп күтілуде. Қала әкімі түрік компаниясының Шымкентке қызығушылық танытып, энергия саласын дамытуға атсалысқаны үшін алғыс білдірді. Қала басшысы атап өткендей, бұл жоба алдағы уақытта қала инфрақұрылымын жақсартуға, тұрақты даму жолында жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді.

«Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының іске асырылуы туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылғандай, құрылыс басқармасы соңғы алты жылда (2018-2023 жж.) жалпы құны 154 млрд теңгені құрайтын 193 көпқабатты тұрғын үй салып, осы жобалар бойынша мердігерлерге бес жылдық кепілдік мерзімін бекіткен. Алайда мониторинг нәтижесінде өңірлерде құрылыс жұмыстарына берілетін кепілдік мерзімдерінің әртүрлі екені анықталды – 2 жылдан 10 жылға дейін өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты Департаменттің ұсынысымен құрылыс және жол салаларындағы кепілдік мерзімін ұлғайту бойынша шешім қабылданды. Енді мемлекеттік сатып алу шарттарында кепілдік мерзімі 84 айға, яғни 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылған. Департамент жүргізген талдау барысында Қонаев даңғылының жалғасын салу бойынша жобаның құнын арттыру тәуекелі анықталған болатын. Әкімдікке ескерту хаты жіберілгеннен кейін, жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілді. Нәтижесінде 3,2 млрд теңге көлемінде артық шығындардың алды алынып, қаражат үнемделген. Бағаны көтеру тәуекелдеріне жол бермеу үшін Департамент мемлекеттік сатып алуларға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Тек биылдың өзінде бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат үнемделген. Мұндай бақылау шаралары мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуына және құрылыс саласындағы заңсыз әрекеттердің азаюына ықпал етуде. Сонымен қатар, аталған баспасөз конференциясында спикерлер спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін енгізілген 34 ұсынымның 19-ы қазіргі уақытта ішінара орындалып жатқандығын айтты. Ауыр атлетика, жекпе-жек және басқа спорт түрлері ұйымдарының 19 жаттықтырушысы мен 13 әдіскерінің жалған құжаттар негізінде алған «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» және «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер» атақтарының күші жойылды. Негізсіз үстемеақылар үшін бюджетке 1,9 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар, бюджеттік спорт ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны есептеуде бірнеше кемшіліктер анықталды. Құқықтық актілердегі олқылықтар, жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін қосымша ақыны өз бетінше есептеу мүмкіндігі негізсіз жоғары үстемеақылардың қалыптасуына ықпал еткен. Бірқатар спорт мекемелерінде жалақыға қосымша ақы 500%-дан асатын жағдайлар орын алған. Әкімшілік-басқару персоналына да үстемеақы есептеледі. Оқу процесіне қосымша ақылар спорт мектебі директорларының жүргізушілеріне, коменданттарға, референттерге, мұрағатшылар мен от жағушыларға тағайындалған. Осы тұрғыдағы жалпы сомасы 15,5 млн теңгеге 16 факті анықталып, 13,3 млн теңге бюджетке қайтарылған.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать