3) Түркістан облысында 15 мың тонна азық-түлік қоры бар
Түркістан облысында 15 мың тонна азық-түлік қоры бар
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Түркістан облысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша елімізде алғашқы орынға шықты. Облыс әкімдігінде өткен жиында инфляция деңгейінің 7,6%-ды құрап, төмен деңгейде сақталып отырғаны айтылды. Бұл жетістіктің арқасында бағаны негізсіз өсіруге және делдалдық схемаларға қарсы күрес белсенді жүргізілуде. Түркістан облысында былтыр 281 іс қаралып, әкімшілік айыппұл салынды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 15 мың тоннадан астам азық-түлік сақтаулы, бұл кем дегенде 3-4 айға жететін қор болып табылады. Әлеуметтік дүкендер мен сауда сөрелеріне азық-түлік тауарлары үздіксіз жөнелтіліп жатыр. Облыста 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр, және олардың санын биыл 50-ге дейін жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, 2025 жылдың маусымаралық кезеңіне тұрақтандыру қорын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 11 тауар өндірушімен форвардтық келісімшарт жасалған. Бұл келісімшарттар бойынша 1,1 млрд теңгеге 4309 тонна картоп, 2735 тонна сәбіз, 2460 тонна пияз, 1883 тонна қырыққабат, 2234 тонна күріш және 13,5 млн дана тауық жұмыртқасы сақталатын болады.
Бұл шаралар өңірдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Похожие материалы:

03 Сәуір 2024, Сәрсенбі
АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ХАЛЫҚТЫ ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТЕРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Комментарии (0)