Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен жеке инвестор FISHNET компаниясы тарапынан бүгінде Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды.
Қалалық цифрландыру баскармасының басшысы Мұхит Кемелов Наурыз шағын ауданы тұрғындарымен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді. Басқарма басшысы Самал-2, Наурыз және Асаршағынаудандарын талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жқмыстарының барысын тұрғындарға түсіндіріп берді.
Жоспарға сәйкес, шағынаудандарды кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінде Самал 2, Наурыз, Асар 2 шағынаудандары жеке инвестор есебімен аталған желімен қамтылуда. Жауапты - FISHNET компаниясы.
Биыл 20 елді мекенді жыл соңына дейін кезең-кезең бойынша қамту жоспарланған. Қаладағы 81 елді мекеннің басым бөлігінде жоспарды орындап келе жатырмыз.
2025 жылдың соңына дейін қаладағы барлық елді мекенді толық қамту жоспарда, - деді басқарма басшысы.
Жауапты компания өкілі Нұржан Алматовтың айтуынша, шағынаудандарда интернет орнату тегін. Тұрғындар тарифті өздері таңдай алады. Наурыз шағынауданында 150 абонент осы желіге қосылған.
Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі - интернеттің жылдамдығы.
Өткен жылы 20 елді мекенге аталған оптикалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол
қойылған еді. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жыл аралықта тұрғын алаптар тізімі және олардың, мерзімдері белгіленді.
Шымкент қаласының жеке секторын жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша Beeline компаниясының GPON технологиясын енгізу жобасы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруда маңызды қадам болып табылады.
Бұл жаңа технологияның басты артықшылығы — тұрақты интернет жылдамдығы мен сыртқы кедергілерден қорғау, әсіресе шалғай елді мекендерде, онда интернеттің жылдамдығы мен сапасы бұрын қиындықтар тудыратын. GPON технологиясы арқылы тұрғындар 1 Гбит/с жылдамдықпен жоғары сапалы интернетке қосылып, ақпараттық қоғамның қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев "Shymkent Hub" өңірлік технопаркінің ашылуына қатысты. Бұл орталықтың негізгі мақсаты-технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту.
Ашылу аясында IT-стартаптардың, IT-компаниялардың, робототехника мектебінің және Tech Orda бағдарламасына қатысушы жеке it-мектептердің, сондай – ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі өтті.
"Shymkent Hub ""Astana Hub" білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа болады. Оның аумағында белсенді it-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтеді.
Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне, инвестицияларды тартуда қолдауға, қаржылық есеп жүргізуге және басқа да қажетті дағдыларға үйретіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауында өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Қорытынды: Шымкент қаласында жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен FISHNET компаниясы елді мекендерді талшықты оптикалық интернет желісімен қамтып, тұрғындарға сапалы интернет ұсынуды қамтамасыз етіп жатыр. Самал-2, Наурыз және Асар шағынаудандарындағы жұмыстардың сәтті жүзеге асуы қала тұрғындарының ақпараттық қоғамға қосылу мүмкіндіктерін арттырып, өмір сапасын жақсартуда маңызды қадам болып табылады.
2025 жылға дейін қаладағы барлық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жоспары қолға алынған, және бұл процесс жеке инвесторлармен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Тұрғындарға тарифтерді өз қалауларына сәйкес таңдау мүмкіндігі беріліп, бұл олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Beeline компаниясының GPON технологиясы арқылы қаладағы шалғай елді мекендерде интернет жылдамдығы мен сапасы айтарлықтай жақсарып, тұрғындарға 1 Гбит/с жылдамдықпен интернет қолжетімді болуда.
Шымкент қаласының цифрландыру және инновациялық даму бағытында “Shymkent Hub” технопаркі мен IT-саласындағы бастамалар да жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр.
Жалпы, Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстары мен инженерлік инфрақұрылымның жаңартылуы қала тұрғындарының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып, экономикалық және әлеуметтік дамуға оң әсерін тигізіп жатыр.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Цифрландыру – Шымкент қаласының дамуына елеулі ықпал етіп, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды факторға айналды.
16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
BEELINE GPON ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕКЕ СЕКТОРЫН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУДА.
05 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Комментарии (0)