Байланысқа арналған телефондар:
» » BEELINE GPON ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕКЕ СЕКТОРЫН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУДА.

BEELINE GPON ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕКЕ СЕКТОРЫН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУДА.

16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
53
0
   Шымкенттің жеке секторының тұрғындары озық GPON технологиясының арқасында енді үйде жоғары жылдамдықты интернетті пайдалана алады. Жаңа технология Beeline абоненттеріне қолжетімді.
   GPON-ның негізгі артықшылықтарының бірі — бұл тұрақты деректер беру жылдамдығы және сыртқы кедергілерден қорғау. Соның арқасында, интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі кедергісіз жұмыс жасайды. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпенжіберуге мүмкіндік береді.

   Beeline компаниясының Шымкенттегі тұрақты бизнес бойынша даму бөлімінің басшысы Ержан Кошмаханбетовтің айтуынша, компания қаладағы жеке секторда GPON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясын осы жаздан бастап белсенді түрде енгізіп жатыр.
  Бүгінде Шымкентте «Шаңырақ», «Тұрдыабад» және «Базарқақпа» шағын аудандарындағы 1500-ге жуық үй GPON технологиясына қосылған, бұл шамамен 7 150-ден астам тұрғынды қамтиды. Айта кететін жайт, мегаполистің шалғай елді мекендеріндегі желілердің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде. «Біз қаламыздың жеке секторының тұрғындарына GPON технологиясының арқасында жылдам және сенімді интернетті ұсынуға қуаныштымыз. Біздің күш-жігеріміз бұл мүмкіндікті көбірек адам пайдалана алатындай етіп желіні кеңейтуге бағытталған. Біз әр пайдаланушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін әртүрлі тарифтік жоспарларды ұсынамыз. Сонымен қатар, біз жоғары сапалы қызмет көрсетеміз – біздің мамандар кез келген мәселені тез арада шешуге көмектеседі. GPON технологиясы арқылы интернетке қосылу үшін 3131 нөміріне қоңырау шалсаңыз болғаны», — деп атап өтті Ержан Қошмаханбетов Ергеш Исраилов көшесінде GPON технологиясын қолданатын интернетті іске қосу салтанатында.   
  «Базарқақпа» тұрғын алабындағы жергілікті билік өкілдері Әбдімүтәлі Исраилов пен Розмат Ризаев билерінің қатысуымен өткен кездесулерде сапалы интернетке деген қажеттілік мәселесі бірнеше рет көтерілді. Олардың пікірінше, жоғары технология ғасырында жоғары жылдамдықты интернетсіз өмір сүру мүмкін емес. Ақсақалдар олардың сөздеріне құлақ асып, «Базарқақпа» тұрғын алабындағы тұрғындардың үйлеріне GPON технологиясы келгеніне дән риза. Олар сондай-ақ тек тұрғын үйлерді ғана емес, әлеуметтік нысандарды – мектептерді, медициналық мекемелерді қосу мәселесін қарастыруды өтінді.
   Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемеловтыңайтуынша, Шымкенттің шалғай елді мекендерін талшықты-оптикалық интернетпен қамту жұмыстары 2021 жылы басталған. Оңтүстік Қазақстан, қазір Түркістан облысынан қалаға қосылған 81 елді мекеннің 52-сінде интернет бар. Биыл 20 елді мекенді, келесі жылы 25 елді мекенді талшықты-оптикалық интернетпен қамту жұмыстары жоспарланған.
   Осылайша, шалғай елді мекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.
   «Бұл жобаға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбегені туралы айта кеткен жөн – барлық жұмыстарды жеке инвесторлар қаржыландырады. Біз Beeline және жоғары сапалы интернет ұсынатын басқа провайдерлермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Біздің міндетіміз – инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге және әкімшілік кедергілерді еңсеруге қолдау көрсету. Beeline-ға тоқталсақ, компания биыл Тұрдыабад, Шаңырақ, Базарқақпа, Сайрам және Абдулабад елді мекендерін заманауи GPON технологиясына қосуды жоспарлап отыр. Алғашқы үш шағын ауданда жұмыс қарқынды жүріп жатыр, қалған екі массивтің қосылуы жыл соңына дейін басталады», — дейді Мұхит Кемелов.
   Қорытынды:   Бүгінде Шымкенттің бірнеше аудандары, атап айтқанда, «Шаңырақ», «Тұрдыабад», «Базарқақпа» тұрғын алаптарында 1500-ге жуық үй GPON технологиясымен қосылып, 7000-нан астам адам жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізген. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылып, алдағы уақытта басқа елді мекендер де интернетке қосылатын болады.
Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, бұл жобаның мақсаты — қала тұрғындарына жоғары сапалы және сенімді интернет ұсыну, сондай-ақ қажеттіліктеріне сәйкес түрлі тарифтік жоспарлар арқылы мүмкіндіктер жасау. Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов атап өткендей, Beeline компаниясы жеке инвесторлармен бірге жобаны қаржыландырып, қала инфрақұрылымын дамытуда үлкен рөл атқаруда. Бұл жоба жергілікті билік пен тұрғындардың қолдауы арқасында оң нәтиже көрсетуде.
 GPON технологиясы арқылы тұрғындар 1 Гбит/с жылдамдықпен жоғары сапалы интернетке қосылып, ақпараттық қоғамның қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырады. Жалпы, GPON технологиясы қаладағы шалғай елді мекендердің цифрлық дамуына серпін беріп, тұрғындардың интернетке қолжетімділігін арттырып, цифрлық қоғамға көшудің маңызды бір бөлігіне айналып отыр.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать