Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

06 Қантар 2025, Дүйсенбі
8
0
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

  Түркістан облысында биыл жыл соңына дейін 400-ден астам нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Бұл мақсатта өңірде ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 129,9 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда 418 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде 67 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
  Білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қазығұрт ауданында 2, Отырар мен Төлеби аудандарында тағы 2 мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 10 білім беру нысаны іске қосылады. Денсаулық сақтау саласында 94 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған, оның ішінде 3 дәрігерлік амбулатория іске қосылды.
  Әкімшілік ғимараттардың құрылысы да қолға алынған, 8 ғимараттың 3-і осы жылы пайдалануға берілді. Мәдени нысандарда 12 жобаның 4-і осы жылы аяқталып, спорт нысандарында 23 жобаның 11-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
  Ауыл шаруашылығы саласында 8 нысанның құрылысы жоспарланған, ал тұрғын үй саласында 2 469 пәтерлік 221 үйдің құрылысы басталып, жыл соңына дейін 2 469 отбасы арендалық баспанамен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, 25 жаңа мектептің құрылысына 4,9 млрд теңге бөлініп, 100% аяқталған.
 Түркістан облысының даму қарқыны мен инфрақұрылымдық жобалар облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. 
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать