Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында өндірілетін мақта талшығы бірнеше елге экспортталды

Түркістан облысында өндірілетін мақта талшығы бірнеше елге экспортталды

06 Қантар 2025, Дүйсенбі
12
0
Түркістан облысында өндірілетін мақта талшығы бірнеше елге экспортталды

 Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту мақсатында толық циклді 9 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары басталды. Бұл бағытта Ордабасы ауданында да бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда.
  Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының іссапарында Төрткүл ауылында орналасқан мақта өңдеу зауытының жұмысымен танысу барысында, өңірде мақта кластерін құру бағытындағы ауқымды жұмыстарға көңіл бөлінді. Өңірде өнім сапасын арттыру және инвесторлар тарту мақсатында барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігі атап өтілді.
  Зауыт басшысы кәсіпорында өнімділікті және мақта сапасын арттыру мақсатында түркиялық ұрықтар егу және 250 гектар аумаққа тамшылатып суару техникаларын ендіру жоспарын жариялады. Келесі жылдан бастап зауыттың қуаттылығы арттырылып, 2025-2026 жылдары қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Ал 2027 жылы мақта кластерін құру жоспарланып отыр.
  “Нұр-Агро 73” ЖШС мақта талшығын өндіреді, оның жобалық құны 255 млн теңге болып, өндіріс қуаттылығы жылына 35 000 тонна. Компания 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. 2023 жылы осы зауытта 18 мың тонна мақта өңделіп, 6 мың тонна мақта талшығы Балтық жағалауы елдеріне, Ресей және Беларуське экспортталды.
 Түркістан облысы — республикада мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір болып табылады. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Биылғы егіс көлемі 106,4 мың гектарды құрап, бұл жалпы егіс алаңының 12 пайызын құрайды. 
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать