Биыл Шымкент қаласына 387 мыңнан астам турист келген
Биыл Шымкент қаласына 387 мыңнан астам турист келген
Шымкент қаласына келуші туристер саны 2024 жылы айтарлықтай өскен. Бұл өсім қаланың туризм саласын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі деп бағаланып отыр. 2023 жылы қалаға 340 мың турист келген болса, биыл бұл көрсеткіш 387 мыңнан асып, туризм индустриясының қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.
Қаладағы қонақ үй инфрақұрылымының жаңаруы да осы өсімге ықпал етті. Қазіргі уақытта 7 жаңа қонақ үй іске қосылып, алдағы жылы тағы 4 қонақ үй ашылуы жоспарланып отыр. Бұл жобалардың іске асуы туристердің санын арттыруға және Шымкенттің туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Шымкенттің туризм саласын дамыту бағытында түрлі халықаралық шаралар да өткізілді. Мысалы, Қытайдағы гастрономиялық жәрмеңкелер мен «Дәм-дәстүр» фестиваліне 106 млн теңге бөлінген. Алайда, бұл қаражат мемлекетке кері қайтарылып, шаралар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылған. Сонымен қатар, Қытайдың Үрімші қаласында өткен гастрономиялық фестивальге 3 мыңнан астам адам қатысты.
Әлеуметтік желілерде қала туралы ақпаратты насихаттау да ерекше маңызға ие. Шымкентте құрылған «Контент мейкерлердің» клубы шеңберінде жастар 180 бейнежазба жариялап, қала көріністері мен туристік нысандар туралы 2 миллионға жуық қаралым жинады.
Жалпы, қалада жүргізіліп жатқан түрлі жобалар мен іс-шаралар туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізіп, Шымкенттің халықаралық туристік нарықта танымал болуына жол ашып отыр.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)