1) Қазақстандық өнімдер импорттық тауарларға қарағанда көбірек қымбаттаған
Қазақстандық өнімдер импорттық тауарларға қарағанда көбірек қымбаттаған
Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуі байқалуда, әсіресе жергілікті тауарлар қымбаттаған. Өткен жылы өнімдердің көтерме бағасы орта есеппен 5%-ға өсті, оның ішінде картоп бағасы 100 теңгеге қымбаттады. Бұл өсімнің негізгі себептері тасымалдау шығындарының көбеюі және экспорттың артуы болып табылады.
Елдегі азық-түлік бағасының өсуі әсіресе Шымкент, Қарағанды және Жамбыл облыстарында байқалған. Жемістердің бағасы 4% қымбаттады, какао 14%-ға, жаңғақтар 10%-ға өсті, тұз бен кофенің бағасы да көтерілді. Қанттың бағасы 5% артса, ет пен ет өнімдерінің құны 3% өсті.
Шымкент базарларында картоптың бағасы 350 теңгені құрайды, өткен жылы ол 100 теңгеге арзан болған. Пияз бен сәбіз де қымбаттаған, олардың бағасы тасымалдау құнының өсуіне байланысты артқан.
Сарапшылар аграрлық ғылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу, отандық сапалы тұқым сорттарын әзірлеу және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру арқылы жағдайды жақсартуға болады деп есептейді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
07 Қантар 2025, Сейсенбі
Шымкентте отандық полипропилен өнімін пайдаланатын өндіріс орыны іске қосылды
Комментарии (0)






