Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан халқының 36 пайызы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған

Түркістан халқының 36 пайызы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған

07 Қантар 2025, Сейсенбі
25
0
Түркістан халқының 36 пайызы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған

  Түркістан қаласының халқы соңғы жылдары айтарлықтай өсті, және бұл өсім инженерлік инфрақұрылымға үлкен жүктеме артуына әкелді. 2024 жылы қалаға енгізілген жаңа жобалар арқылы тұрғындарды сапалы инженерлік жүйелермен қамту жұмыстары күшейтілді.
  Қаладағы халық саны 160 мыңнан 235 мыңға дейін артты. Осыған байланысты инженерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін 3 жоба әзірленіп, мемлекеттік қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобалар жүзеге асқаннан кейін 2 825 абонент, яғни 12 700 тұрғын сапалы электр қуатын алады. Осылайша, қаладағы экологиялық жағдай мен халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаратын болады.
 Сондай-ақ, қала аумағын толықтай орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. 5 жоба бюджетке ұсынылып, 4 жобаны әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қаладағы 16 336 абонент, яғни 36,5% тұрғын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.
  Түркістан қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы да қолға алынған. Бұл жоба 2024 жылдың маусым айында басталып, 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады. Осы жоспарға сәйкес, халықтың өсімі ескеріле отырып, инженерлік инфрақұрылымның көлемі де ұлғайтылмақ. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать