Шымкентте 30 келі есірткіні 1,5 млн теңгеге сатпақ болғандар ұсталды
Шымкентте 30 келі есірткіні 1,5 млн теңгеге сатпақ болғандар ұсталды
Шымкент қалалық полиция департаменті 30 келі есірткіні 1,5 млн теңгеге сатпақ болған екі адамды ұстағанын мәлімдеді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкентке есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Жамбыл облысының 58 және 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Күдіктілер есірткіні Шымкентке алып келіп, сатуды жоспарлаған. Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар есірткі айналымымен күреске бағытталған жұмыстарды жалғастырып, қоғамда есірткі тұтынудың алдын алу үшін түрлі шараларды қабылдап отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кетіп, қала тұрғындарын да алаңдатқан болатын.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
10 Қантар 2025, Жұма
Түркістан облысы Мақтарал ауданында білім саласында 2,4 млрд теңге қаржы жымқырылды.
05 Қантар 2025, Жексенбі
Шымкентте жол көлік оқиғасы: қауіпті жүргізуші қашып кетіп, полиция қызметкерін басып өтті
06 Қараша 2024, Сәрсенбі
Түркістан облысы. Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні
19 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҚОЮ ҮШІН 200-ДЕН АСТАМ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ
Комментарии (0)

