8) Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты
Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласында «Шымкент – есірткісіз қала» науқаны аясында үлкен іс-шара өткізілді. Қалалық полиция департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 2500-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура, қала жастары, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мекеме жұмысшылары, нарколог-дәрігерлер, спортшылар, еріктілер мен партия өкілдері де болды.
Іс-шараның басты мақсаты мен маңыздылығы қатысушыларға жеткізіліп, оларға нұсқамалар берілді. Шара барысында есірткі жарнамаларының анықталып, жойылуына бағытталған жұмыстар атқарылды. Көшеаралық және аулааралық тексерулер жүргізіліп, тұрғындарға есірткі қылмыстары үшін заңды жауапкершілік туралы ескертілді. Сонымен қатар, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, нашақорлықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде 2332 есірткі жарнамалары, оның ішінде граффити бояу түріндегі жарнамалар мен интернет желісіндегі сілтемелер жойылды. Бұл шара Шымкенттің қоғамын есірткіге қарсы күреске жұмылдырып, жастар арасында есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.
Полиция қызметкерлері қала аумағында есірткіге қарсы шараларды тұрақты түрде өткізіп, оған тиімді тосқауыл қою үшін жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті. Мұндай іс-шаралар есірткі қылмыстарымен күресті күшейтіп, қоғамда құқық бұзушылыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға ықпал етеді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Похожие материалы:

06 Қараша 2024, Сәрсенбі
Түркістан облысы. Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні

19 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҚОЮ ҮШІН 200-ДЕН АСТАМ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ

19 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
АБАЙ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР 23,8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Комментарии (0)