2) Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді?
Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді?
1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері артты. Әлеуметтік төлемдердің өсуі 6,5 пайызды, ал зейнеткерлер үшін 8,5 пайызды құрады. Бұл өзгерістер халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асырылды. Мәселен, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 8,5 пайызға ұлғайып, 82 000 теңге алатын зейнеткер 88 970 теңге алатын болады, яғни 6 970 теңге көбеюде. Ең төменгі зейнетақы 57 853 теңгеден 62 771 теңгеге дейін артты.
Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер де өсті. Мысалы, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы бірінші, екінші және үшінші бала үшін 149 416 теңгені құрайды, ал төртінші бала үшін бұл сома 247 716 теңгеге жетеді. Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы да өскен: бірінші балаға 22 649 теңге, екінші балаға 26 777 теңге, үшінші балаға 30 867 теңге және төртінші балаға 34 995 теңге беріледі.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға 74 427 теңге, ал көпбалалы аналарға «Алтын алқа» үшін 29 097 теңге, «Күміс алқа» иегерлеріне 25 165 теңге ай сайын төленеді.
Шымкенттік зейнеткер Мұрат Төлебаевтың айтуынша, зейнетақы мөлшері артқанымен, теңгенің құнсыздануы салдарынан өзгерістер көп байқалмайды. Зейнетақы азық-түлік пен несиеден артылмайтынын айтады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ержан Ергеш әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың инфляция деңгейіне байланысты қайта есептелгенін атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
12 Қантар 2025, Жексенбі
3) «Ұлттық қор — балаларға»: Түркістан облысында 920 мыңнан астам балаға қаржы аударылған
13 Желтоқсан 2024, Жұма
«Яндекс.Такси» компаниясымен жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында аталған тәсіл сынақтан өткізілді.
Комментарии (0)




