3) «Ұлттық қор — балаларға»: Түркістан облысында 920 мыңнан астам балаға қаржы аударылған
«Ұлттық қор — балаларға»: Түркістан облысында 920 мыңнан астам балаға қаржы аударылған
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарламаның аясында 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық қорынан барлық балаларға алғашқы қаржы аударылды. Қазақстан бойынша бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркеліп, оларға 100 АҚШ доллары 52 центі көлеміндегі қаржы берілді. Түркістан облысы бойынша 922 841 балаға осындай қаражат аударылған.
Бұл бағдарлама арқылы жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома ұлғайып отырады. Сондай-ақ, алынған қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында әрі қарай инвестицияланатын болады, ол бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.
Бағдарламаның іске қосылған алғашқы 10 күнінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін нысаналы жинақ төлемін алу мақсатында 41 өтінім және білім беру ақысын төлеу үшін 42 өтінім түсіп, БЖЗҚ уәкілетті операторға төлем жүргізу үшін қажетті қаражатты банктік шоттарға аударды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
10 Қантар 2025, Жұма
Түркістан облысы Мақтарал ауданында білім саласында 2,4 млрд теңге қаржы жымқырылды.
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Комментарии (0)





