Байланысқа арналған телефондар:
» » 9) Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі лауазымында несімен есте қалды?

9) Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі лауазымында несімен есте қалды?

10 Қантар 2025, Жұма
10
0
Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі лауазымында несімен есте қалды?

 Дархан Сатыбалды Түркістан облысының үшінші әкімі ретінде аймақта бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асырды. 1974 жылы туған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды жоғары білім алған және мансап жолында қаржы, білім және ғылым, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған.
  Әкім ретінде Түркістан облысында бірнеше маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Мәселен, облыс орталығы Түркістанда ботаникалық бағы бар «Жастар» саябағы ашылды, онда әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктер өсіріледі. Бұл саябақ облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға және туризм саласын дамытуға бағытталған маңызды жоба болды. Сонымен қатар, облыста ауыз сумен қамту мәселесіне баса назар аударылды. 2023-2024 жылдары 50 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды, ал 22 елді мекенде тозығы жеткен су жүйелері жаңартылды. Бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы маңызды қадам болды.
  Табиғи газбен қамту да айтарлықтай жақсарды. 510 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 63,2%-ға жетті. Осы жетістіктері үшін Дархан Сатыбалды Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал Түркістан облысының жаңа әкімі ретінде Нұралхан Көшеров тағайындалды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать