4) Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды
Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды
Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты. “Turkistan Chefs Hub” бірлестігінің аспаздары “Game of Food GastroAntalya 24” байқауына қатысып, екі алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Бұл байқауда әртүрлі елдерден келген талантты аспаздар кәсіби шеберліктерін паш етті. Шымкенттік команда ұлттық тағамдар санатында ерекше көзге түсіп, жоғары бағаланды. Олардың мәзірінде бешбармақ, қазы-қарта, бауырсақ және басқа ет тағамдары заманауи тәсілдермен ұсынылды.
Шымкенттік аспаздардың модерн ет тағамдары, қозы және балық тағамдары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Команда қажетті ингредиенттерді жергілікті өнімдерден алып, оларды термобокстарда сақтап, байқауға жеткізді. Аспаздар өздерінің шеберліктерін көрсету барысында қазақстандық ұлттық тағамдардың бай дәстүрін әлемге танытуға ұмтылды. Бұл жеңіс тек “Turkistan Chefs Hub” бірлестігінің ғана емес, бүкіл елдің абыройы екенін атап өтті команда мүшелері.
Айта кетейік, байқауға Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Оңтүстік Корея, Марокко, Иран сияқты елдердің мықты аспаздары қатысты. Қазылар алқасы шымкенттік аспаздардың шеберлігіне таңданыс білдіріп, ұлттық тағамдардың ерекше дәмі мен көркемдік безендірілуін жоғары бағалады.
Іс-шара барысында “Turkistan Chefs Hub” Араб қауымдастығымен гастрономиялық туризмді дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Сонымен қатар, шымкенттік аспаздар Баку мен Ыстамбұл қалаларында өтетін үлкен гастрономиялық фестивальдерге шақырту алды. Бұл жетістіктер болашақта Қазақстанның басқа аспаздарына да шабыт беріп, қазақ асханасын әлемдік деңгейде танытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)