1) Шымкенттіктер кемеңгер тұлғаны еске алды
Шымкенттіктер кемеңгер тұлғаны еске алды
Шымкент қаласында көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алу шарасы өтті. Бұл шараға қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. Оңтүстік өңірдің шалғай аудандарынан да тұлғаның ізгілікті істерін көрген қариялар келіп, еске алу рәсіміне белсене қатысты. Қатысушылар Дінмұхамед Қонаевтың ел басқарған жылдардағы ерен еңбегі мен адами қасиеттері туралы естеліктер айтып, оның жарқын бейнесі мен қажымас қайратын ұрпақ жадында мәңгі сақтайтынын айтты.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Дінмұхамед Ахметұлының ел үшін өлшеусіз еңбек еткенін атап өтіп, оның билік тізгінін ұстаған жылдары Қазақстанда 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала бой көтергенін мәлімдеді. Ол Қонаевтың ұлы еңбегін халыққа адал қызмет еткен қайраткер ретінде бағалады.
Шара барысында қазақ халқының ардақты перзентінің рухына тағзым етіліп, құран бағышталды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






