7) Түркістандық оқушылар әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды
Түркістандық оқушылар әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды
Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы бітірушілері үлкен жетістіктерге жетуде. 12 «К» сыныбының оқушылары Гайдаенко Алихан мен Каримжанова Дильнура әлемдік деңгейдегі университеттерден шақырту алды. Гайдаенко Алихан Канаданың Ванкувер қаласындағы Британдық Колумбия университетіне (UBC) қабылданды. Бұл университет Канададағы ең беделді білім ордаларынан саналып, ғылыми зерттеулер мен технология саласында көшбасшы болып табылады. Ал, Каримжанова Дильнура Гонконг политехникалық университетінен (PolyU) шақырту алды. PolyU – Азияның үздік университеттерінің бірі, инновация мен технология саласында танымал.
Айта кетейік, биыл Түркістан NIS-те алғашқы бітірушілер мектептен түлеп ұшып, жаңа өмірге қадам басатын болады. Қазіргі таңда оқушылар сыртқы жиынтық бағалау емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу рәсімдеріне қызу дайындық үстінде.
Тілші: Кенжебаева Гауһар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гауһар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
*ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ*
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 30 апреля
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
14 Қантар 2025, Сейсенбі
4) Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды
Комментарии (0)





