Түркістан облысында ЖРВИ аурушаңдығы бойынша 125 804 жағдай тіркелді: эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз
Түркістан облысында ЖРВИ аурушаңдығы бойынша 125 804 жағдай тіркелді: эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз
Түркістан облысында ЖРВИ аурушаңдығы бойынша 125 804 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Түркістанда жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау аурушаңдығы бойынша баспасөз жиыны өткізіліп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалды. Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесовтың сөзіне сүйенсек, жылдың суық мезгілдерінде адамдар түрлі респираторлық инфекцияларға шалдығып, аурушаңдықтың өсіп отырады. Жіті респираторлы вирусты инфекциялар қатарына тұмау және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын ондаған ауру түрі жатады екен. Сәйкесінше, медицина жүйесінде тұмау және ЖРВИ аурушаңдығының эпидемиялық маусымы ресми түрде 1 қазаннан басталып, сәуір айының соңына дейін созылады.
Спикердің айтуынша, 2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымда бүгінге дейін ЖРВИ аурушаңдығы бойынша 125 804 жағдай тіркелген. Олардың 69 142-сі 14 жасқа дейінгі балалар, он мыңға жуығы 1 жасқа дейінгі балалар және 7 мыңнан астамы жүкті әйелдер. ЖРВИ диагнозымен 11 120 науқас ауруханаға жатқызылған. Желтоқсан айында науқас саны көбейгенімен, соңғы екі аптада жағдай тұрақталыпты. Жалпы, ЖРВИ аурушаңдығы көпжылдық бақылау деңгейінен аспаған. Дегенмен, инфекциялық ауруларға, әсіресе ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып отыр. Аурушаңдық деңгейі кез-келген уақытта көтеріліп, асқынуы ықтимал.
Еліміздің алыс-жақын шет мемлекеттермен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен саяси-экономикалық, сауда-саттық және туристік қарым-қатынасын дамытуы да эпидемияның таралуына ықпал ететін факторлар қатарына жатады. Осыған байланысты қаңтар айында аурушаңдық деңгейі көтерілуі әбден мүмкін. Бұл жағдай эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді және халықтың алдын алу шараларына назар аударуын қажет етеді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
12 Қантар 2025, Жексенбі
4) Шымкентте жаңа инфекция тіркелмегенімен ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі артқан
11 Желтоқсан 2023, Дүйсенбі
ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАЛАРДАҒЫ 53 ЕМДЕУ КАБИНЕТІНДЕ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ КӨМЕК ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ
Комментарии (0)