Шымкентте ардагерлермен қарияларға арналған “. Шахматшылар үйі” пайдалануға берілді
Шымкентте ардагерлер мен қарияларға арналған «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді.
Шымкентте жаңа «Шахматшылар үйі» ашылды. Бұл ғимарат тұрғындардың бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековке шахматқа арналған арнайы орын сұраған өтініштері негізінде салынған. Қала басшысы халықтың тілегін ескеріп, жайлы ортаны дамыту басқармасына жобаны жүзеге асыруды тапсырған.
Жаңа шахмат үйі Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында орналасқан. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Ғимаратта бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 үстел орнатылып, қариялар үшін тиімді уақыт өткізуге арналған жағдайлар қарастырылған. Сондай-ақ ғимарат толық жылу жүйесімен, электр желісімен және орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.
Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.
Тілші:Кенжебаева Гауһар
Тілші:Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






