4) ТҮРКІСТАН: Ауру жұқтырып, жан сақтау бөліміне түскендер де бар
ТҮРКІСТАН: Ауру жұқтырып, жан сақтау бөліміне түскендер де бар
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Түркістан облысында ЖРВИ аурушаңдығы бойынша 125 804 жағдай тіркелді, оның ішінде 69 142-сі 14 жасқа дейінгі балалар, 10 мыңға жуық 1 жасқа дейінгі балалар мен 7 мыңнан астамы жүкті әйелдер екені айтылды. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов баспасөз жиынында мәлімдеді.
Жылдың суық мезгілінде респираторлық инфекциялар, оның ішінде ЖРВИ мен тұмау ауруларының таралуы жиілейді. Эпидемиялық маусым 1 қазаннан сәуір айының соңына дейін жалғасады. Түркістан облысындағы жағдай бойынша ЖРВИ диагнозымен 11 120 адам ауруханаға жатқызылған, желтоқсан айында аурушаңдық деңгейі көбейсе де, соңғы екі аптада жағдай тұрақталған.
Аурушаңдық және қауіп-қатер
ЖРВИ мен тұмау ауруларының белгісі ретінде дене қызуының 38-40°C дейін көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы, қалтырау, бұлшықет пен буындардың сырқырауы, көздің жасаурауы, мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, тершеңдік және құрғақ жөтел болуы мүмкін. Ауру 5-10 күнге дейін созылады.
Тұмау вирусының таралуы:
2024 жылы Түркістан облысында тұмауға қарсы екпе ретінде Ресейден алынған «Гриппол+» вакцинасының 271 348 дозасы әкелініп, өңірдің 12,9%-ы егілді. Егу шаралары әсіресе медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, балаларға және басқа да осал топтарға жүргізілді. Биылғы эпидемиялық маусымда короновирус инфекциясы бойынша тек 1 жағдай тіркелді.
Инфекциялық төсек орындары:
Түркістан облысында 685 инфекциялық төсек-орын бар, оның 445-і балаларға арналған. Қазіргі уақытта 652 науқас инфекциялық төсек-орында емделуде, олардың ішінде 486-сы ЖРВИ диагнозымен, 66-сы жүкті әйелдер.
Алдын алу шаралары:
Мамандар ЖРВИ мен тұмаудан сақтану үшін профилактикалық екпе алуды, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуды, бетперде киюді және жиі қол жуу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, үйді жиі желдетіп, ауаны ылғалдандыру, дене жаттығуларын жасау, дұрыс тамақтану және дәрігерге уақытында қаралу ұсынылады.
Қаңтар айында аурушаңдық деңгейінің көтерілуі ықтимал екенін ескере отырып, Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары сақтық шараларын күшейтуі тиіс.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Похожие материалы:

15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Түркістан облысында ЖРВИ аурушаңдығы бойынша 125 804 жағдай тіркелді: эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

12 Қантар 2025, Жексенбі
4) Шымкентте жаңа инфекция тіркелмегенімен ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі артқан

11 Желтоқсан 2023, Дүйсенбі
ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАЛАРДАҒЫ 53 ЕМДЕУ КАБИНЕТІНДЕ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ КӨМЕК ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ
Комментарии (0)