Ауыл тұрғындары “ Жылжымалы медициналық кешен” арқылы профилактикалық тексеруден өтуде
Ауыл тұрғындары «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы профилактикалық тексеруден өтуде
Ауыл тұрғындары «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы профилактикалық тексеруден өтуде, деп хабарлайды. Сапалы медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету, қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы Ордабасы ауданына қарасты Шұбар, Бадам, Қараспан, Төрткүл, Бөржар, Көктөбе, Қайнар, Бөген, Жеңіс, Қарақұм ауылдарының тұрғындарына медициналық-профилактикалық тексерістен өткізу жұмысын жүргізуде. Осы жылдың басында Шұбар ауылынан басталған бұл іс-шара қаңтар айының соңына дейін жалғаспақ. Бір ай көлемінде «Жылжымалы медициналық кешен» ауылдарды аралап, білікті жоғарғы санатты дәрігерлер пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізеді. Атап айтқанда, хирург, гинеколог, рентген лаборант, лаборант, стоматолог, окулист, лор дәрігерлері қабылдау жүргізеді. «Жылжымалы медициналық кешен» пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған 7 мамандандырылған кабинеттен тұрады. Нақтырақ айтқанда, жалпы қабылдау аймағы, анализдер қабылдау және глюкометр, гематологиялық анализатор жүргізу аймағы, акушер-гинеколог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті (ЭКГ), флюрографиялық зерттеулер жүргізетін арнайы қорғаныс сәулелі диагностика бөлмесі бар.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
18 Қантар 2024, Бейсенбі
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУДЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛУДЕ
Комментарии (0)