Байланысқа арналған телефондар:
» » 8) Түркістан облысындағы ауылдар медициналық нысандармен қамтылды

8) Түркістан облысындағы ауылдар медициналық нысандармен қамтылды

14 Қантар 2025, Сейсенбі
9
0
Түркістан облысындағы ауылдар медициналық нысандармен қамтылды

  Түркістан облысында ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, өткен жылы 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталып, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 48 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бірнеше медициналық нысан жөндеуден өтуде. Бұл шаралар нәтижесінде ауылдық елді мекендерде 100 мыңнан астам тұрғын медициналық көмекпен қамтылмақ.
  Түркістан облысында жаңа медициналық нысандар заманауи құрылғылармен жабдықталып, санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі сақталуда. Сонымен қатар, облыста медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 58 медициналық нысанның қажеттілігі анықталып, 25 нысан 2025 жылға дейін іске қосылады деп жоспарлануда.
  Түркістан облысында медицина мамандарының тапшылығы да байқалады. Өңірде 423 бейінді маман қажет екені анықталған, оның 141-і Түркістан қаласында салынып жатқан облыстық көпбейінді ауруханаға тиесілі. Мамандарды даярлау үшін 5 жылдық жоспар бойынша резидентураға 639 грант бөлініп, 2023 жылдан бері 176 грант игерілді. Бұдан басқа, облыстық денсаулық сақтау басқармасында 24 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді, ал өткен жылы 40 дәрігер мен 234 орта буын медицина қызметкері біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать