Төлеби ауданының жасы 100- ден асқан қарияларды мереклермен құттықтады
Төлеби ауданының жасы 100-ден асқан қарияларды мерекелерімен құттықтады
Төлеби ауданының жасы 100-ден асқан қарияларды мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды. Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Көксәйек ауылдық округінің тұрғындары 100-ден асқан қазыналы қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтады. — Ұрпағыңыз үмітіңізді ақтап, мерейіңізді өсірер мақтанышыңызға айналсын. Алланың берген жасын мазмұнды да мағыналы өткізуге, немере, шөбереңіздің қызығын көре беруіңізге тілектеспін. Жанұяңызға құт береке, деніңізге саулық тілеймін, деді аудан әкімі. 105 жастағы Құралай Оразбаева қаңтар айының алғашқы күндері туылса, 101 жастағы Пернекүл Бектемірова 15 – ші қаңтарда күні дүниеге келген. Жастық шақтарын тыл еңбегіне арнаған әжелер туған күндерімен арнайы құттықтап келген аудан басшысына алғыстарын айтып, ақ батасын берді. Құралай Оразбаева 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана. Үлкен ұлы 78 де, кішісі 60 жаста. Кейуана 70 жасқа дейін Сакен Сейфуллин колхозында жұмыс істеген. Бүгінде 30 немере, 31 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр. Пернекүл Бектемірова 1 ұл, 2 қыздың анасы. Бүгінде 7 немере 27 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отырған әженің ұлы Есентай Тойбеков 77-ға толса, қызы Оразкүл Тастемірова 75 жаста. Айта кетейік, Төлеби ауданында жүз жасқа жеткен және жүзден асқан 10-ға жуық қария бар.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
16 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
Комментарии (0)





