4) ШЫМКЕНТТЕ 100-ДЕН АСТАМ АЯЛДАМАҒА АҚПАРАТТЫҚ ДИСПЛЕЙ ОРНАТЫЛАДЫ
ШЫМКЕНТТЕ 100-ДЕН АСТАМ АЯЛДАМАҒА АҚПАРАТТЫҚ ДИСПЛЕЙ ОРНАТЫЛАДЫ
Шымкент қаласында су және кәріз жүйелері халықтың өмір сапасын арттыру мен қаланың дамуына маңызды ықпал етеді. Осы мақсатта қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен сала мамандары Абай ауданындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жаңа арнайы техникасымен танысты. Бұл техника кәсіпорын қызметкерлеріне су және кәріз желілеріндегі апаттарды жылдам жоюға, жөндеу жұмыстарын қысқарту мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қала басшысы «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы» мен Кеңес Одағының Батыры С. Рахимов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, құрылыс басқармасының басшысына құрылыс жұмыстары мен аумақты абаттандыруды қатаң бақылауды тапсырды.
Сонымен қатар, қалалық аялдамаларға қоғамдық көлік бағыты мен қозғалыс кестесін көрсететін электронды тақталар орнату жобасының іске асырылу барысы тексерілді. Биылғы жылы жобаның бірінші кезеңі аясында Шымкентте 100-ден астам аялдамаға ақпараттық дисплей орнату жоспарлануда. Бұл жобалар қала инфрақұрылымын жақсарту мен тұрғындар үшін ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылуда.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
17 Қантар 2025, Жұма
Шымкент қаласында инфрақұрылымдық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды
05 Маусым 2024, Сәрсенбі
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚҰРЫЛЫС ЗАТТАРЫ САТЫЛАТЫН БАЗАРЛАР СЫРТҚА КӨШІРІЛУДЕ
07 Қантар 2024, Жексенбі
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ЖОЛ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Комментарии (0)